Тоқаев: Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ

19 Қазан 2022, 11:03
618
Бөлісу:
Тоқаев: Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Көрікті мекеннен есімі ел тарихына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз шыққан. Бұл – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған Наурызбай, Райымбек батырлардың дүниеге келген жері. Бұл –Сүйінбай мен Жамбылдай ақындардың елі. Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев және Бердібек Соқпақбаев бастаған төл мәдениетіміздің біртуар тұлғалары да – осы өңірдің перзенттері. Бір сөзбен айтсақ, Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ», - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы