Тоқаев 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қолдады

23 Тамыз 2022, 16:10
1672
Бөлісу:
Тоқаев 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қолдады
PHOTO
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің күн тәртібінде еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министр ұсынған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3 пайыздан кем болмайды. Ал 2023 жылы 4 пайызға жетеді. 

Тоқаев 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қолдады

Президент ұсынылған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының тепе-теңдігін атап өтті. Үкіметтің деректеріне сәйкес, жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі биылғы 103,6 триллион теңгеден 2023 жылы 120,7 триллион теңгеге дейін жетеді деп болжанып отыр. Болжам бойынша келесі жылы салық түсімдерінің артуы есебінен бюджеттің кіріс бөлігі 10,5 триллион теңгеден 13,5 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Тоқаев 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қолдады

 Республикалық бюджет жобасының оң аспектісі ретінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің 2022 жылғы 4 триллион теңгеден 2023 жылы 2,2 триллион теңгеге дейін күрт төмендеуін айтуға болады. Макроэкономикалық тұрақтылыққа шикізаттық емес дефициттің 2023 жылы 8,3 пайыздан 6,8 пайызға дейін төмендеуі де оң әсер етеді.

Тоқаев 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет назарын тағы да қаржыны тиімді жоспарлау мен үлестіру қажеттілігіне аударды. Жалпы алғанда, Президент Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ұсынылған болжамын және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын кеңес барысында талқыланған мәселелерді жетілдіруді ескерте отырып, қолдады.

Тоқаев 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қолдады
Өзгелердің жаңалығы