Толқын Забирова алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялады

30 Тамыз 2023, 01:31
1336
Бөлісу:
Толқын Забирова алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялады
Фото: Instagram/tolkynzabirova

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялап, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың отбасын құрғанына 26 жыл толған. Қазір 3 ұл тәрбиелеп отыр.

Бізді қосқан өнер жолы! Махаббат пен өнер ұлтты таңдамайды...жүрек таңдайды Ия,ұлты қазақ болмағанмен,қазақ жерінде (Жамбыл облысы,Мерке ауданы) өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздардың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Аттарын айтпай-ақ қояйын,білетін адам біледі, - деп жазды Толқын Забирова.

Әнші жолдасын адамгершілігі мол,жаны пәк, жүрегі кең деп сипаттады.

Оданда,әр Ару,өзінің теңін тауып,бақытты болсын,деп тілейік! Таңдай соғып отырғандарға айтарым:"мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз,мен бақытты әйелмін! Адамды ұлт арқылы емес,ісінен бағалау абзал, - деп жазды.

Өзгелердің жаңалығы