"Токиодан оздық". Мусин интернет рейтингі жайында

13 Қыркүйек 2023, 10:57
573
Бөлісу:
"Токиодан оздық". Мусин интернет рейтингі жайында
VIDEO
Фото: автордан

Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды деген Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдемесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі министрге “Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан бөлек тағы басқа қандай қалалардан жоғары? Кейін сізге петиция жарияланғанын білесіз бе?” деп сұрақ қойды.

Петицияны көрдім. Ал бәсеке мен рейтинг жайлы айтар болсақ, рейтинг көпшілікке белгілі әрі бәріне қолжетімді. Сондықтан бірнеше сайтқа кіріп рейтингті қарауға болады. Егер қажет болса сізге сілтемесін жіберейін, - деді Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрінің айтуынша, министрлік тек ресми рейтингке сүйенеді.

"Интернет сапасы бойынша сұрақтар бар ма?" деп сұрасаңыз, иә бар дер едім. Мен интернет сапасына қатысты мәселені мойындаймын. Сол себепті біз операторларға нақты тапсырма береміз. Сондай-ақ ай сайын бақылау жүргіземіз. Олардың сапасын және базалық стансаларды уақытылы тұрғызуын қадағалаймыз, – деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы