Токио Олимпиадасына Қазақстан 15 млрд теңге жұмсайды

19 Мамыр 2021, 16:29
1238
Бөлісу:
Токио Олимпиадасына Қазақстан 15 млрд теңге жұмсайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов алдағы Токио Олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан Үкіметі қанша қаржы жұмсайтынын мәлімдеді.

Бұл бағытта Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Барлық қаражат Ұлттық олимпиада комитеті арқылы өтеді. Бізде тек олимпиадалық емес спорт түрлері қалды. Ұлттық олимпиада комитеті министрлік арқылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына шамамен 15 миллиард теңге бөледі, - дейді Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, 2016 жылғы Рио Олимпиадасына шамамен 6-7 миллиард теңге бөлінген.

Еске салайық, Токио Олимпиадасы бастапқыда 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өткізілуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ойындар 2021 жылға ауыстырылды. 

Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасында спорттың 24 түрінен 53 лицензия бар.

Өзгелердің жаңалығы