Токио-2020: Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 83-орынға жайғасты

8 Тамыз 2021, 16:04
5213
Бөлісу:
Токио-2020: Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 83-орынға жайғасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының спортшылары Олимпиада ойындарындағы жарыстарын аяқтады.

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Жалпыкомандалық есепте біздің құрама 83-орынға жайғасты. Жалпы Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 97 спортшы қатысты.

Токио төрінде қазақстандық спортшылар сегіз қола жүлде еншіледі. Олар:

- Елдос Сметов (дзюдо)

- Игорь Сон (ауыр атлетика)

- Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика)

- Нұрислам Санаев (еркін күрес)

- Дархан Асаділов (каратэ)

- Софья Берульцева (каратэ)

- Сәкен Бибосынов (бокс)

- Қамшыбек Қоңқабаев (бокс)

Бұл Олимпиада ойындары Қазақстан тарихындағы ең сәтсізі болды. Себебі ел қоржынында не алтын, не күміс жүлде жоқ.

Токио-2020: Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 83-орынға жайғасты

Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 83-орыннан жоғары көтерілмейді. Бізден жоғары Түрікменстан (77-орын, бір күміс) орналасқан. 

Өзгелердің жаңалығы