Токио-2020: Ярослава Шведова мен Андрей Голубев аралас жұптық сында жеңілді

29 Шілде 2021, 02:18
2374
Бөлісу:
Токио-2020: Ярослава Шведова мен Андрей Голубев аралас жұптық сында жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында теннистен аралас жұптық сайыстың алғашқы кезеңі басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жұбы қарсыластарына есе жіберді,  деп жазады Olympic.kz

Шведова мен Голубев бірінші айналымда жапониялық Эна Шибахара және Бен Маклаклан жұбына қарсы шыққан болатын. 

Екі сетке созылған матчте қазақстандық теннисшілер 3:6, 6:7 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Айта кетейік, теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды. 

Өзгелердің жаңалығы