Токио-2020: Су добынан ерлер құрамасы жеңіліп қалды

29 Шілде 2021, 10:44
2983
Бөлісу:
Токио-2020: Су добынан ерлер құрамасы жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында кезекті рет жеңілді, деп хабарлады Olymic.kz.

Ел құрамасы топтық сынның кезекті кездесуінде Испания құрамасына қарсы ойнады. Екеуара кездесу 16:4 (3-0, 6-0, 11-2, 11-4) есебімен испаниялықтар еншісіне шешілді. 

Ойын барысында Қазақстан құрамасынан Душан Маркович, Сржан Вуксанович (2) және Михаил Рудайкөзге түсті. 

Енді ұлттық құрама жігіттері 31 шілде күні Черногория командасымен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы