Токио-2020: София Берульцева қола медальға ие болды

7 Тамыз 2021, 17:56
5616
Бөлісу:
Токио-2020: София Берульцева қола медальға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

61 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол жартылай финалда египеттік Фериял Абделазизбен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте Берульцева 4:5 есебімен жол берді. Осылайша Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы үшін Токио ойындарындағы сегізінші қола медаль. 

Өзгелердің жаңалығы