Токио-2020: Софья Берульцева жеңісті жолын жалғастырып жатыр

7 Тамыз 2021, 12:24
4260
Бөлісу:
Токио-2020: Софья Берульцева жеңісті жолын жалғастырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол екінші кездесуінде италиялық қарсыласын ұтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты.

Айта кетсек, Софья Берульцева каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынауда. Топтық кезеңде оның қарсыластары Мельтем Ходжаоглу (Түркия), Сильвия Семераро (Италия), Ирина Зарецкая (Әзербайжан) және Аюми Уэкуса (Жапония). Топтық кезеңде үздік атанған екі спортшы жартылай финалға жолдама алады. Қазақстандық Софья Берульцева топтық кезеңде екі кездесу өткізіп, біреуін тең есеппен, екіншісін жеңіспен аяқтады.

Отандасымыздың келесі қарсыласы әлем және Еуропа ойындарының чемпионы Ирина Зарецкая (Әзербайжан) болады.

Өзгелердің жаңалығы