Токио-2020: Сметов қола жүлдеге таласады

Токио-2020: Сметов қола жүлдеге таласады
1703

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында дзюдодан жартылай финал жекпе-жектері жалғасуда. Olympic.kz-тің хабарлауынша, қазақстандық Елдос Сметов қарсыласына қосымша уақытта есе жіберді.

60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездескен болатын.
Тартысты кездесу шамамен он минутқа созылды. Өйткені, балуандар кездесудің негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алған жоқ, - делінген хабарламада.

«Golden Score» кезеңінде Елдос бар күшін салғанымен, қарсыласы «ваззари» ұпайын еншілеп, финалға өтті.

Осылайша, Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола медаліне таласады.


Фото: ашық дереккөз