Токио-2020: Сәкен Бибосыновқа қола медаль табысталды

7 Тамыз 2021, 12:39
5238
Бөлісу:
Токио-2020: Сәкен Бибосыновқа қола медаль табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода бокстан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындараның жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті.

Арманым көк байрағымызды көкке желбірету еді. Сол үшін де бар күшімді салдым. Негізі алтын медаль аламын деп ойладым, бірақ, бұйырғаны қола медаль болды. Кішкене өкініш бар, десе де осы жарыс менің ерік-жігерімді қамшылай түсті. Келесі жарыстарда елімнің маған артқан сенімін ақтаймын деген ойдамын, - дейді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.

Айта кетсек, жартылай финалда Сәкен Бибосынов 2:3 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаиге есе жіберді. Бұл жеңілісінен кейін спортшы барша қазақстандықтан кешірім де сұраған еді.
Өзгелердің жаңалығы