Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті

1 Тамыз 2021, 16:55
3861
Бөлісу:
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында боксан аса ауыр салмақтағы ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда, деп жазды Olympic.kz. 

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды. 

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі. 

Өзгелердің жаңалығы