Токио-2020: Грузиялық атлет допингпен ұсталды

3 Тамыз 2021, 14:34
4274
Бөлісу:
Токио-2020: Грузиялық атлет допингпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы тіркелген үшінші жағдай.

Грузиялық ядро лақтырушы Беник Абрамян Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан шеттетілді. Оған антидопингтік ережелерді бұзу себеп болды. 

Бұл туралы ita.sport Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, 31 шілде күні жеңіл атлетші допинг-сынама тапсырған. Сол кезде оның сынамасынан дегидрохлорметил-тестостерон, метандиенон және тамоксифен табылған.

Айта кетейік, Абрамян 3 тамызда Олимпиадада өнер көрсетуі керек болған. Енді 36 жастағы спортшы уақытша шеттіліп қалды. 

Дегенмен спортшы төрелік соттың допингке қарсы күрес жөніндегі бөлімінің (CAS ADD) алдына барып, уақытша шеттету қатысты шешімге қарсылығын білдіруге құқығы бар.

Бұдан бөлек спортшы В үлгісінің талдауларын сұратуға құқылы.


Өзгелердің жаңалығы