Токио-2020. Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

6 Тамыз 2021, 09:19
2410
Бөлісу:
Токио-2020. Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті. Екеуара кездесу 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді. 

Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап, белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі. Ережеге сәйкес, ұпай айырмашылығы 10 ұпай болғандықтан Дәулет Ниязбековке уақытынан бұрын техникалық жеңіс берілді. 

Өзгелердің жаңалығы