Токио-2020: Данияр Юлдашев қарсыласына жол берді

7 Тамыз 2021, 15:43
5049
Бөлісу:
Токио-2020: Данияр Юлдашев қарсыласына жол берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратеден ерлер арасында Токио Олимпиадасының топтық кезеңдері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан сапынан екі спортшы сынға түсуде. Олар – Софья Берульцева мен Данияр Юлдашев.

Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде.

Алғашқы кезеңде Данияр Юлдашев германия Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша алғашқы бір ұпайын еншіледі.

Келесі кездесуін Юлдашев жапониялық каратэшіге қарсы өткізеді.

75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді. Рютаро Арага (Жапония) арасындағы кездесу 4-2 есебімен қарсылас еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Данияр Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде.

Өзгелердің жаңалығы