Токио-2020: 29 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

29 Шілде 2021, 01:21
3088
Бөлісу:
Токио-2020: 29 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 шілдеде Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар 5 жарыс түрінен сынға түседі.

Боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сонымен қатар теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда күш сынасады. 

29 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Су добы. Ерлер, топтық кезең
08:30. Қазақстан - Испания

Академиялық есу. Ерлер, жартылай финал
08:50. Владислав Яковлев

Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Жартылай финал
12:00. Елена Рыбакина - Белинда Бенчич (Швейцария)

Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/32 финал
14:18. Ильфат Абдуллин - Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания)

Бокс. Ерлер, 1/8 финал.
14:15. 75 келіге дейін. Әбілхан Аманқұл - Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)
15:51. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Юсри Хафез (Мысыр)

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Өзгелердің жаңалығы