Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаевқа қола медаль табысталды

8 Тамыз 2021, 13:52
5007
Бөлісу:
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаевқа қола медаль табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан ерлер арасында аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне медальдар табысталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

91 келіден жоғары салмақта Қазақстан құрамасының мүшесі Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдеге ие болды.

Баходир Жалолов (Өзбекстан) Олимпиада чемпионы атанса, АҚШ спортшысы Ричард Торрез екінші орынды қанағат тұтты.

Дәл осы салмақ бойынша екінші қола жүлдені Ұлыбритания боксшысы Фрейзер Кларк иеленді.

Өзгелердің жаңалығы