Тоқаевты 5-6 сағат бойы тыңдап отыра беруге болады – тарихшы

9 Маусым 2021, 18:22
15971
Бөлісу:
Тоқаевты 5-6 сағат бойы тыңдап отыра беруге болады – тарихшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресейлік журналист, тарихшы Леонид Млечин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Мен Тоқаевты алғаш көргенімде таң қалдым. Өйткені әлі күнге дейін саясаткерлердің арасында осындай жоғары дәрежелі көрнекті зиялық қауым өкілін кездестірген емесін. Тоқаевты 5- 6 сағат бойы аузынды ашып отырып, тыңдауға болады. Оның жай ғана сөйлегені үшін емес, қызықты әңгімелерін жалықпай тыңдайсың. Тіпті, айтқандарына күмән келтіре алмайсың. Мәскеуге алғаш Президент ретінде келгенінде кездестік. Үстелінде бір топ кітап тұр екен. Сол кезде таңданысын білдіріп ем, қарап тұрып қалдым. Ол маған: Мынаны кеше оқыдым, өте қызықты» деп бір кітапты көрсетті. Бұл кітаптың кеше ғана шыққанын айтты, - дейді Млечин өзінің YouTube арнасындағы Тоқаевқа арналған бағдарламасында.

Айта кетейік, бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялаған болатын.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазғанына сүйенсек, автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.

Өзгелердің жаңалығы