Тоқаев Өзбекстанмен бірлесіп жатқан жобаның маңыздылығын түсіндірді

21 Мамыр 2021, 16:28
4899
Бөлісу:
Тоқаев Өзбекстанмен бірлесіп жатқан жобаның маңыздылығын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында айтты.

Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп Орталық Азияның халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыруға кірісті. Ол Орталық Батыс Еуропа-Батыс Қытай стратегиялық автомагистралінің бойында орналасады, сондай-ақ транзиттің өзара саудасының өсуін қамтамасыз етеді, тауар ағындарын ақтауға және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі, - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Кеңесте Президент одақтың елдерімен осындай бірлескен инфрақұрылымды бірлесіп дамытуды ұсынды.

Одақ аясында сауда-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары жүйесін құру да үлкен маңызға ие. Мұндай жүйе біздің елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді Тоқаев.
Оның сөзінше, сонымен бірге мұндай жүйе агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін қолдайды, шығындарды және тиісінше, негізгі азық-түлік бағаларын төмендетеді.

Еске сала кетейік, отырыс Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, бақылаушы мемлекет басшылары, Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өтіп жатыр. Отырыс барысында Беларусь президенті Лукашенко Қазақстанға «ренжіп» қалғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы