Тоқаев одақтас елдерге пандемияға қарсы бірлескен жобаны жүзеге асыруды ұсынды

14 Қазан 2021, 17:17
6218
Бөлісу:
Тоқаев одақтас елдерге пандемияға қарсы бірлескен жобаны жүзеге асыруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

Пандемия кедергілеріне қатысты біз Минск қаласында отырысты өткізуге жинала алмадық. Онлайн формат біздің отырыстың жұмысына әсер етпейді деп ойлаймын. Бүгінгі отырысқа бақылаушы Куба мен Өзбекстан елдерінің Президенттері де қатысып отыр. Пандемиямен күресте оңтайлы көрсеткіштерге қарамастан, біздің елдеріміз әлі де қиын жағдайда тұр. Жаңа штамдардың пайда болуы мен вакцина алған адамдардың қатары аз. Қазақстан Ресей сияқты өзіндік вакцина жасады. Қазір ол Қазақстанда белсенді қолданылып жатыр, - деді ол.
Тоқаев атағандай, «QazVac» қазақстандық вакцинасы дүниежүзілік ұйымдардың мойындауын күтіп отыр.
Бізге пандемиямен күресте күш біріктіру қажет. Яғни, фармацевтика және ғылым саласында бірлескен жоба әзірлеп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды реттеуді үйлестіру қажет. Елдер экономикасы да тұрақтанып келе жатыр. Алғашқы жарты жылда елдердің ЖІӨ-сі 4,5 пайызды құрады. Жалпы ішкі өнімнің жалпы өнімі 900 млрд теңгеге жетті, - деді Президент.
Бұған дейін Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы басталғаны хабарланды.
Өзгелердің жаңалығы