Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы басталды

14 Қазан 2021, 17:01
4530
Бөлісу:
Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы басталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Беларусь Республикасының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды.

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды.

Кеше Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары одақтың климаттық күн тәртібіндегі келісімді қабылдайтынын айтқан еді.

ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтті.

Өзгелердің жаңалығы