Тоқаев Литваға қарсы матч туралы пікір білдірді

16 Қыркүйек 2021, 11:44
2523
Бөлісу:
Тоқаев Литваға қарсы матч туралы пікір білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаев әлем чемпионатында Литваға қарсы матч туралы пікірін айтты. Бұл туралы  kazfutsal парақшасында жарияланды. 

Бұл жеңіспен барша қазақстандықты құттықтаймын. Аллаға шүкір, ойын жақсы болды деп ойлаймын. Бапкердің нұсқауларын орындадық. Соның себебінен жеңдік. Қобалжу болған жоқ. Шығарса, ойнымды көрсетемін деп дайын жүргенмін, - деді  құрама ойышысы. 

Сонымен қатар ол Литвадағы қазақстандық жанкүйерлерге өз алғысын білдірді. 

Литва - өте жақсы команда. Өз алаңында, жанкүйерлері алдында ойнап жатыр. Бізге сәл қиындау болды. «Қазақстан!» деп айғайлап отырған жанкүйерлеріміз де бар. Оларға да мың да бір рақмет. Солардың арқасында жеңдік деп ойлаймын, - деді Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионтаныда Қазақстан құрамасы алаң қожайындары Литвамен кездесіп, 3:0 есебімен ұтты.


Өзгелердің жаңалығы