Тоқаев Брюссельде Бельгия королімен кездесті

25 Қараша 2021, 23:43
1049
Бөлісу:
Тоқаев Брюссельде Бельгия королімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгия королі Филиппен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары осы елдің королі Филиппен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі Еуропаға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар жөнінде пікір алмасты.

Тоқаев Брюссельде Бельгия королімен кездесті

Елдеріміз арасындағы түрлі саладағы өзара ықпалдастық кеңейіп келе жатыр. Бұған біздің елімізге үш рет келген Сіздің қосқан үлесіңіз зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанда кейінгі жылдары жүргізіліп жатқан саяси реформаларға арнайы тоқталды.

Бельгия Королі елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформалар мен экономикалық және гуманитарлық саладағы жұмыстар туралы мәліметтерді қызығушылықпен қабылдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытатын перспективалы бағыттарды атап өтті. Сондай-ақ келесі жылдың қыркүйек айында елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты. Сол маңызды іс-шараға Король Филипп те қатысады деп үміттенетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы