Тоқаев бауырлас Түркия еліне көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

31 Шілде 2021, 20:07
3840
Бөлісу:
Тоқаев бауырлас Түркия еліне көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхат жолдады, - деп жазды ол.
Қазақстан Президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетері, Түркияда соңғы бірнеше күнде орман өрті өршіп тұр. Кеше Адана (Пос ауданы), Анталья (Манавгат, Аксеки, Газипаша), Мугла (Мармарис, Кёйджегиз), Мерсин (Айдынджик, Силифке), Османие (Кадирли) аймақтарында он ошақ сөндіріліп жатқаны хабарланды. Өрт салдарынан алты адам қаза болды, 180-нен астамы зардап шекті.

Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Өзгелердің жаңалығы