Тоқаев АҚШ-тағы тәртіпсіздікке қатысты ойын айтты

10 Қаңтар 2021, 12:06
1956
Бөлісу:
Тоқаев АҚШ-тағы тәртіпсіздікке қатысты ойын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Дауыс берген соң Президент БАҚ-тың сұрағына жауап берді. 

Әрине, барша әлем сияқты Қазақстан да АҚШ-та болып жатқан жағдайды бақылап отыр. Меніңше, АҚШ-тың жаңа сайланған Президенті Джо Байденнің шешімімен келісу керек. Капитолийді жайлау заңсыздық пен экстремизм болып табылады. Заңсыздықпен күресу керек. Джо Байденнің шешімі өзге елдерге де қолданылып, шешім бірегей болады деп ойлаймын. АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық артуына үміттіміз. АҚШ 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін мақұлдаған алғашқы елдердің бірі болды. Біздегі қарым-қатынасты барынша сақтап, одан әрі әрекет етеміз деп ойлаймын, - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Еске салсақ, 7 қаңтарда АҚШ Конгресінде сайлау жеңімпазы бекітілуі керек еді. Бірақ Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге байланысты жиналыс тоқтатылды. Қала орталығында митинг өткізген Дональд Трамптың жақтастары бір сәтте қоршауды бұзып, Капитолия ғимаратына кірді. Полиция адамдарды қуып шығару үшін атыс қаруы мен көзден жас ағызатын газды қолдануға мәжбүр болды. Тәртіпсіздіктер салдарынан төрт адам қаза тауып, ондаған адам ұсталды. Дегенмен АҚШ Конгресі Байденді президенттік сайлаудың жеңімпазы деп бекітті.

Фото: Мухтор Холдорбеков

Өзгелердің жаңалығы