Тоқаев 11 қыркүйектегі террорлық шабуылға 20 жыл толуына орай пікір білдірді

11 Қыркүйек 2021, 11:07
1609
Бөлісу:
Тоқаев 11 қыркүйектегі террорлық шабуылға 20 жыл толуына орай пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі террорлық шабуыл құрбандарын еске алу күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында пікір білдірді.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдардың 20 жылдығында біз америкалықтармен бірге бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең ауыр күндердің бірін еске аламыз. Бүкіл адамзатқа қарсы жасалған бұл қатыгез әрекетті еске алу әлі күнге дейін әлемдегі миллиондаған адамның жүрегі мен санасында сақталған, - деп жазды Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан да терроризмге қарсы іс-қимылда халықаралық қоғамдастықты қолдайтынын айтты.

Қазақстан терроризмге қарсы іс-қимылда халықаралық қоғамдастықты барынша қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету - Қазақстан стратегиясы және біздің АҚШ-пен стратегиялық әріптестігіміздің негізгі тетіктері,- деді Тоқаев.








Өзгелердің жаңалығы