Тоғжанов тұрғындарды спорт кешендерінің жетіспеушілігі алаңдататынын айтты

6 Сәуір 2022, 11:17
1681
Бөлісу:
Тоғжанов тұрғындарды спорт кешендерінің жетіспеушілігі алаңдататынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

2025 жылға дейін ауылдық жерлерде 259 мәдениет үйін салу және жөндеу жұмыстарымен 1241 мәдениет нысанын қамту жоспарланған. Бұл - өте қажетті бағыт. «Ел іші-өнер кеніші». Сондықтан ұлтымыздың өнегелі өнерін заманауи мәдениетпен ұштастыра дамыту үшін, елдегі өнерлі жастарды қолдау үшін бұл жұмыстарға ерекше көңіл бөлеміз, - деді ол. 

Сондай-ақ ол тұрғындарды спорт кешендерінің жетіспеушілігі алаңдататынын айтты.

Шындығын айтқанда бұл қуантарлық жағдай. Көпшіліктің дене шынықтыруға деген қызығушылығының артуының нақты көрсеткіші деп білемін. Былтыр 21 млрд теңге кәсіпқой спорттан бұқаралық спортқа қайта бағытталды. Қаражат негізінен балалар спорт секцияларын қаржыландыруға және спорт инфрақұрылымын салуға жұмсалды, - деді ол. 

Тоғжанов оның нәтижесінде 275 мыңнан астам бала (5%) мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін секциялармен қамтылған. 41 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілгенін айтты. 

Қазіргі күні 2025 жылға дейін спорт инфрақұрылымын дамытудың кестесі әзірленуде, оған сәйкес елді мекендерде 115 спорт нысанын салу жоспарланып отыр, - деді Ералы Тоғжанов. 

 

Өзгелердің жаңалығы