Тоғжанов психологтарды даярлау туралы айтты

2 Қаңтар 2022, 20:20
1184
Бөлісу:
Тоғжанов психологтарды даярлау туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов отандық жоғары оқу орындарында психолог мамандарын даярлау мәселесіне тоқталды.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарында халықтың мақсатты топтары, оның ішінде жастар арасында халықтың рухани-мәдени мұрасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекетіміздің зайырлылық принциптерін нығайту бойынша бөлімдер қарастырылған. Жастарға білікті психологиялық көмек көрсету үшін жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтер, «сенім телефондары» жұмыс істейді, - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, штаттық психологтардың саны шамамен 250-ден астам адам.

Бүгінгі таңда университеттерде «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтары бойынша 13 038 адам білім алуда. Ұстаздың адамгершілік бағыт-бағдарын қалыптастырудағы, жастарды тәрбиелеудегі рөлі күшейді. Озық білім беру тәжірибесіне сәйкес «Мұғалім» кәсіби стандартын және студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша терең мазмұнды білім беру бағдарламаларын жаңарту көзделуде, - деп толықтырды вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы