Тоғжанов: Нақты шешімдердің нақты нәтижелері болуы тиіс

2 Наурыз 2022, 12:45
1012
Бөлісу:
Тоғжанов: Нақты шешімдердің нақты нәтижелері болуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

99 спорттық кешен салынды. Бұл Мемлекет басышының тікелей тапсырмасы болды. 20 млрд теңге кәсіби спорттан бұқаралық спортқа бағытталды. Оның нәтижесі қайда? 2632 балаларға арналған спорт секциялары ашылды. Спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 25 пайызға өсті. Мұның бәрі 2021 жылы енгізілген нақты өзгерістер. Оның ішінде денешынықтыру пәнінен беретін мұғалімдерге қосымша сағат беріліп, көбейтілді, -деді  Ералы Тоғжанов. 

Ералы Тоғжановтың айтуынша, қабілетті спортшылар тиісті нормативті орындағаннан кейін даярлықтың жоғары деңгейіне өтуі тиіс.

Жаттықтырушыларды өз шәкірттерін келесі деңгейге өткізгені үшін марапаттау маңызды. Бұл мәселемен біраз шұғылдандым. Жоғары деңгейге жеткен шәкірттерін көпшілігі өз қарамағында ұстауға ынталы. Сондықтан осындай ынталандыру жүйесінсіз нақты нәтиже де болмауы мүмкін. Осы мақсатта арнайы сыйақы да енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын, - деді Е.Тоғжанов Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Сонымен қатар ол биыл бұқаралық спорт түрлеріне ден қою қажет екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортты дамытуыға байланысты, әсіресе бұқаралық спортты дамыту үшін арнайы талаптар қойды. Сол талаптарды жүзеге асырумыз керек. Неғұрлым көп бүлдіршіндер жаттықса соғұрлым бәсекелестік артатынын белгілі. Сондықтан бұл мәселелерді бәрін бірге қарастырамыз, -деді ол.

Өзгелердің жаңалығы