Тоғжанов 60 жасын қымбат мейрамханада тойлаған ба?

17 Мамыр 2023, 14:21
823
Бөлісу:
Тоғжанов 60 жасын қымбат мейрамханада тойлаған ба?
Фото: BAQ.KZ

Әлеуметтік желіде облыс әкімі «60 жасын Ақтөбедегі қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткені» жайлы жазба тараған болатын. Бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Ералы Тоғжанов ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ералы Тоғжанов ақпаратты жоққа шығарды. Ол биыл туған күнінде жұмыста болғанын, оған журналистер куә екенін айтты.

Сол күні таңертең Қобда ауданына бардым. Онда су тасқынына байланысты құрылыс жүріп жатыр. Одан басқа да іске асып жатқан жобалар бар: «Ауыл аманаты», бөгет құрылысын көріп қайттым. Түстен кейін балалар үйіне бардым. Спорттық іс- шаралар болды. Сондықтан кешкі сағат 20:00-ге дейін менде жұмыс режимі болды. Әрине, кейбірі туған күнді міндетті түрде бір жерде атап өту керек деп ойлайтын шығар, - деп жауап берді Тоғжанов.

Облыс әкімі туған күнінде ешқандай қызметтік көліктердің болмағанын айтты.

Ал қызметтік көліктерге келер болсам, менде ол туралы ақпарат бар. Тиісті нұсқау бердім. Мендегі мәлімет бойынша сол күні бірде-бір мемлекеттік көлік ол жерде болмаған, - деді Ералы Тоғжанов.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ералы Тоғжанов Ақтөбеде қоғамдық көлік жолақысы қымбаттауы мүмкін екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы