Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді

21 Тамыз 2023, 15:49
914
Бөлісу:
Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді
Фото: ОКҚ

Тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасындағы рапид және блиц түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде тоғызқұмалақтан қалалық, облыстық, республикалық жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Республика бойынша тоғызқұмалақтан 6856 үйірме жұмыс істейді Жарыстарда жақсы көрсеткіштерге ие болған спортшылар ұлттық құрамаға алынады. Қазіргі уақытта 136 спортшы ұлттық құрамада өнер көрсетеді. Ал елімізде өтетін Әлем чемпионаты 21-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында болады.

Жарысқа қатысуға қазірдің өзінде 20-дан аса ел өтініш білдірді. Ал 8-ден аса ел өздерінде іріктеу турнирлерін өткізген. Негізінен 15-17 жас арасындағы оқушылар бақ сынайды. Былтыр Атырауда Мемлекет басшысы аз шығын қажет ететін спорт түрлерін дамыту керек деп тапсырма берді. Оның ішінде тоғызқұмалақ та бар. Сонымен қатар, былтырдан бастап Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен жыл сайын тоғызыншы айдың тоғызыншы күнін «Тоғызқұмалақ күні» деп белгіленген. Осыған орай, биыл 9 қыркүйек күні Қазақстанның рекордтар гиннес кітабына ену бойынша Алматы қаласында ауқымды іс-шара өткіземіз,-деді Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, Алматы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұн.

Алматыда өтетін іс-шарада 2500-3000-ға жуық жоғары сыныптың оқушылары бір уақытта тоғызқұмалақ жарысына қатысады. Іс-шара ашық аспан астында, Тұңғыш Президенті паркінде өтеді.

Айта кетейін, қазіргі таңда тоғызқұмалақпен 30-дан астам елде тұрақты түрде айналысады. 2020 жыл тоғызқұмалақ ойыны ЮНЕСКО-ң адамзаттың материалдық емес мұрасы қатарына енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы