Тоқтаған пойыздардың жүру кестесі қайта қалпына келтірілді

22 Тамыз 2020, 09:25
2895
Бөлісу:
Тоқтаған пойыздардың жүру кестесі қайта қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі кейбір жолаушылар пойыздарының қатынасы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

№ 4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойыз 2020ж. 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан жөнелтілуі, 2020ж 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматыдан келу/жөнелтілуі, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жолға келуі 2020ж. 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте, жолаушылар пойыздарының қатынасын қалпына келтіріледі, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, № 68/67 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы пойыз 2020 ж. 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі, 2020 ж. 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменнен келуі/жөнелтілуі, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жолға келуі 2020 ж. 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте жолаушылар пойызының қосымша рейстері тағайындалды.

Пойыздардың келуі/жөнелтілуі уақыты туралы барлық ақпаратты «105» анықтамалық телефоны арқылы алуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, жол жүру құжаттарын ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін сұрайды. 
Өзгелердің жаңалығы