Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу салтанаты басталды

10 Желтоқсан 2019, 10:59
5663
Бөлісу:
Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу салтанаты басталды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ЭКСПО павильондарының бірінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатты іс-шарасы басталды.

2019 жыл ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының бастамасымен Жастар жылы деп жарияланды. Үкімет оны жүзеге асырудың Жол картасын қабылдады. Жол картасында жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім алу, жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, жас отбасын қолдау және т.б. шаралар қарастырылған.

image-10-12-19-10-44-1.jpeg

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық жас өкілдері қатысып жатыр. Рәсімнің өтетін орны кездейсоқ таңдалмаған. Павильонда "ArtHU" - Шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы құрылады. Бұл Жастар жылының өзіндік мұрасына айналады. Павильонның жалпы ауданы 2,5 мың шаршы метрді құрайды. "ArtHUB" жастар жасаған art-инсталляциялармен LOFT форматында жасақталған және тақырыптар бойынша аймақтарға бөлінген.

image-10-12-19-10-44-2.jpeg

2019 жылы жастарды қолдауға бағытталған 2,8 млрд теңге сомасына 56 гранттық жоба жүзеге асырылды. Жалпы, гранттық жобалар бойынша 2 миллионнан астам жас мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.


Өзгелердің жаңалығы