Тоқаев: Ақын-жазушыларымыздың туындылары 2,5 млрд оқырманға тарайды

4 Қыркүйек 2019, 11:14
2536
Бөлісу:
Тоқаев: Ақын-жазушыларымыздың туындылары 2,5 млрд оқырманға тарайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері қаламгерлерінің І форумын ашты. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық ақын-жазушылардың туындылары алты тілге аударылатынын айтты.

«Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты. Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды. Дүние жүзі жұртшылығы қазақ әдебиетінің туындыларын, ұлттық руханиятымызды танып білуде. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар бес құрлықтағы 90-астам елге, яғни 2,5 млрд оқырманға тарайды. Бұл қазақ әдебиеті тарихында бұрын-соңды болмаған бірегей оқиға», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан президенті «қазақ әдебиеті - халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына» деген болатын.

Сондай-ақ, Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды және электрондық кітапхана құруды ұсынды.


Өзгелердің жаңалығы