ТМД-ға қатысушы мемлекет аумақтарын санитарлық қорғау туралы заң қаралды

16 Қаңтар 2024, 18:30
481
Бөлісу:
ТМД-ға қатысушы мемлекет аумақтарын санитарлық қорғау туралы заң қаралды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңның міндеті – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарын төтенше жағдайларға немесе төтенше жағдайлардың туындау ықтималдығына байланысты аурулардан санитарлық қорғау үшін қажетті шаралар жүргізуге жағдай жасау, сондай-ақ Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын тізбе бойынша тауарлар туралы болып отыр.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша осы заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы