ТМД елдерінің ІІ ойындары: қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 5-орында тұр

13 Тамыз 2023, 16:17
888
Бөлісу:
ТМД елдерінің ІІ ойындары: қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 5-орында тұр
Фото: instagram.com/drs_kz/

Қазақстан спортшылары ТМД елдерінің ІІ ойындарында жалпыкомандалық есепте 5-орында тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшылар бұл бәсекеде барлығы 38 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын, 12-і – күміс және 21-і – қола.

Жалпыкомандалық есепте көш басында Ресей тұр. Бұл елдің споршылары барлығы 242 медаль иеленді, оның 123-і – алтын.

Екінші орында Беларусь (барлығы 193 медаль, 34-і – алтын), үшінші орында Өзбекстан (барлығы 84 медаль, 24-і – алтын) тұр.

Ал Әзербайжан спортшылары 51 медаль (8-і – алтын) жеңіп алған.

Айта кетейік, ертең – жартыстың соңғы күні.

Өзгелердің жаңалығы