ТМД байқаушылары: Сайлау жоғары деңгейде өтті

20 Наурыз 2023, 18:24
1357
Бөлісу:
ТМД байқаушылары: Сайлау жоғары деңгейде өтті
Фото: автордан

ТМД елдерінен келген халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдері Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын байқау туралы есебін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТМД-дан келген байқаушылар елімізде өткен Мәжіліс және мәслихат депуттарын сайлау кезінде 832 сайлау учаскесін аралаған.

Байқаушыларға жағдай жасалған. Сайлау учаскелерін аралап көрген кезде сайлаушылар үшін барлық мүмкіндіктер бар. Дауыстарды санау да заңға сәйкес жүргізілді,- дейді ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов.
Оның айтуынша, Мәжіліс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысында азаматтардың, сайлаушылардың шағымдар мен өтініштерді жедел қарау бойынша жағдайлар жасалған.

Миссия өкілдері Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында, Жетісу облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Астрахань, Ашхабад, Ашхабад қалаларындағы, сондай-ақ  16 шетелдік сайлау учаскелерінде Баку, Бішкек, Брест, Брюссель, Ереван, Қазан, Минск, Мәскеу, Омбы, Париж, Пекин, Рим, Санкт-Петербург, Сеул, Ташкент дауыс беру тәртібі мен нәтижелерін шығаруды бақылады.

Өзгелердің жаңалығы