Өткен жылы қанша шенеунік парамен ұсталды

7 Ақпан 2019, 13:42
3608
Бөлісу:
Өткен жылы қанша шенеунік парамен ұсталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев 2018 жылы қанша шенеуніктің парамен ұсталғанын мәлім етті.


Оның айтуынша, өткен жылы 135 мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. 

«Олардың басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүргізбеген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті ізгілендіру жүргізілуде. Қылмыс жасады деген күдікке ілінген және қамауға алынған азаматардың саны 2 есеге азайды. Сондай-ақ бас бостандығынан айырудың орнына кепілдікпен босату және үй қамаққа алу шарасы 2 есе жиі қолданылатын болды», - деді төраға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысында.

Осы орайда ол былтыр 1290 тұлға сыбайлас жемқорлықпен ұсталғанын атап өтті.

«Оның ішінде республикалық деңгейде – 25, облыстық деңгейде – 91, қалалық және аудандық деңгейлердегі – 142 басшылар. 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді, жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 87 фактісі анықталып, олар бойынша 288 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке келтірілген 21 млрд теңге залалдың 89% өндірілді», - деді Алик Шпекбаев.

Оның пікірінше, Ұлттық бюро мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әдістері ғана сараң және екіжүзді шенеуніктердің заңсыз баюына тойтарыс береді екен.


Дәурен ЕРБОЛАТ
Өзгелердің жаңалығы