«Титаник» жолаушысының хаты аукционда 12 мың долларға сатылды

1 Шілде 2023, 21:38
909
Бөлісу:
«Титаник» жолаушысының хаты аукционда 12 мың долларға сатылды

«Титаник» жолаушысының лайнер бортында жазған хаты Уругвайда аукционда 12 мың долларға сатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Altaynews тілшісі ТАСС деректеріне сілтеме жасап жазды.

Басылымының деректеріне сүйенсек, Рамон Артагавейтия Гомес есімді жолаушы хатты 1912 жылы 11 сәуірде Уругвайда тұратын ағасына жазған. Хат «Титаниктің» соңғы аялдамасы – Ирландиядан жолданған. Кеме Ирландиядан Атлант мұхитына шықанда апатқа ұшарағаны белгілі.

Zorilla аукцион үйінің сайтында жазылғандай, Артагавейтия Гоместің ағасы хаттың бір бетіне былай деп жазып қойған: «Менің сүйікті ағам Рамонның маған жазған соңғы хаты. Үш күннен кейін «Титаник» апатқа ұшырады, ол суға батып кетті».

Infobae интернет-порталының хабарлауынша, лот бастапқы бағасына сатылды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы