Тіс бактериясы іш құрылысына өтсе, ауру пайда болады – тіс дәрігері

Бөлісу:
Тіс бактериясы іш құрылысына өтсе, ауру пайда болады – тіс дәрігері
Фото: Жеке мұрағаттан

Тіс ауруы халықтың басым көпшілігін мазалайтын маңызды мәселе. Ел арасында тісті емдетуге, жұлдыруға байланысты жаңсақ пікір қалыптасқан. Осы ретте Алматыдағы білікті тіс дәрігерлердің бірі Айгерім Аманқосқызы тіс күтіміне қатысты пайдалы кеңестермен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

- Тіс жұлдырған соң қан кетуін қалай тоқтатуға болады? 

- Көпшілік тіс күтіміне аса мән бере бермейтінін айтады. Бәрі ауыз қуысынан басталады. Құрттаған тістен бактерия іш құрылысына өтіп, ағзаның көптеген ауруларына әкелетінін айтып дабыл қағып отыр. Салауатты өмір салты, ағза тазалау ең алдымен тіс профилактикасынан басталу керек. Процедурадан соң жарақат үстіне дәкеден жасалған тампон қойылады. Ол қанды тоқтатуға көмектеседі және жарақатталған тіндерді түрлі микробтардан қорғайды. Соңғы кездері пациенттер арасында тіс жұлдырған соң көп ескертпелерді сақтамағандықтан тіпті адам өлімі де орын алып жатқанын ескертеді. Бұл алдымен адамдардардың жауапкершілігі мен тіс күтіміне мән бермеуінен

- Тіс жұлдырған соң қандай әрекеттерді мүлде жасауға болмайды?

- Бетке жылы немесе ыстық компресс басу, күннің көзінде, ыстық бөлмеде ұзақ отыру. Жылы аймақта зиян бактериялар тез көбейіп, асқыну процестері жылдам жүреді. Процедурадан соң алғашқы күні жұлынған тістің орнын шаюға болмайды. Табиғи түрде жиналатын қан ұйындысын ( фибриновый сгусток) қоса шайып жібермеу керек. Ол өте қауіпті. Алғашқы күндері тіс щеткасын жарақат орнына тигізбеңіз, асқынуға жол ашылады. Ащы және басқа да өткір дәмдеуіштер қолдануға болмайды. Алкоголь, никотин тұтынуды түбегейлі тоқтату керек. Ауыр көтеруге, денеге физикалық күш түсіруге болмайды. Жұлынған тістің орны тез жазылуы үшін не істейміз? Жылы-жұмсақ, сұйық тамақ ішу керек. Хирургке барсаңыз 1-2 тігіс түсіріп береді. Бұл әрекет жарақат орнының қабынуынан сақтайды.

- Халық арасында тіс күтіміне қатысты көптеген жаңсақ пікірлер бар соның біріне тоқтала кетсеңіз.


- Көпшілік тісті қаптап тұратын өңез (налёт) — тіс эмалін бұзылудан сақтайтын жабынғы деп есептейді. Шын мәнінде ол— бактериялардың жинақталған шоғыры. 
Мұндай налёт уақытылы тазаланбаса, ол қаққа айналады. Уақыт өткен сайын қабатталып, қатайып, зиян бактерялардың ошағы ашылады. Бактериялар ауыз қуысын, тіпті ағзаны улауға көшеді. Салдарынан қызыл иек қабынып, шөгеді. Осы кезде тіс түбірі ашылып қалады, тіс түбірінің сезімталдығы оянып, бекемдігі жойылады. Кариестермен көрісуге дайындала беріңіз.


- Тіс дерігерлерінің құралдары мен электр щеткалары эмальды жояды деген пікір бар. Бұған не дейсіз?

- Құралдарды көпшілік эмальдың өшіргіші деп қабылдайды. Алайда ол қате түсінік. Кәдімгі щеткамен тіс тазалауды көп адам дұрыс білмейді. Тіс түбірінің қиылып, желініп кетуі - щетканы дұрыс бағыттамау мен күш салып отырып жуу салдары. Ал "профчисткада" тіс дәрігері ондай олқылықтарға жол бермейді. Сондай-ақ, маман таңдап берген кәсіби тіс щеткасы дұрыс бағыт, қозғалыс пен қажетті күшті өзі таңдайды. Әр пациенттің ауыз қуыс гигиенасын сақтау процедуралары жеке-дара тағайындалуы керек. Бұл - тіс және ауыз қуысының саулығын қамтамасыз ететін емдік және профилактикалық міндетті шара. Аузы, тісі бар адам кемінде әр 3-4 айда 1 рет кәсіби тазартудан өтуі тиіс.

- Жастар арасында кәсіби тіс тазалаумен тіс ағарып кетпейді деген түсінік бар.

- Әр адамның эмалінің табиғи түсі әртүрлі реңкте болады. 
Күнделікті кофе, шай, түрлі бояуыштар қосылған сусын, тағамдардың әсерінен тіс реңкі өзгереді. Кәсіби тазалау кезінде тісті қаптап тұрған налёт жабынғысы жуылады. Табиғи реңк ашылады. Оның еш зияны жоқ, керісінше өте пайдалы. Бұндай процедура әр адамға міндет тіпті. Кәсіби тазартудан соң тіс сезімтал болып қалады. Бірақ, чистка эмальді жуып, кетіріп тастауының кесірен емес. Керісінше. Кәсіби тазалау процедурасында тісте қабатталып қалған қақ, жинақталған тастар жуылады. Бұл орындар ашылған соң, сол аймақтардың сезімталдығы оянады. Мұндай дискомфорт шамамен 1 аптада толық тоқтайды. Міне, көпшіліктің шатасатын тұсы - осы. Тіс тазалап болған соң тіске фторлы препараттар жағылады. 
Үй күтімі үшін пациентке қабынуға қарсы, өткір емес тіс пастасы мен ауыз шаюға арналған құралдар тағайындалады.
 

- Брекет киіп жүргенде кәсіби тазарту процедурасын жасауға болмайды деген ой бар. Бұл туралы не айтар едіңіз?

- Бұл брекет конструкциясын бұзады, өзгертіп жібереді деп түсінеді көпшілік.
Осындай қорқыныш себепті профчисткаға мүлде бармайтындар да бар. Брекет киіп жүрген пациент кемінде 3 айда бір рет кәсіби тазартудан өтуі тиіс.
Үйде қанша жерден тазаладым дегенмен, брекет тұрған аймақтарда қуыс-бұрыштары дұрыс тазаланбай қалып қояды. Кариес пен түрлі бактерияға дайын бола беріңіз сосын
Ал күнделікті күтім үшін арнайы ирригатор сатып алған дұрыс.

– Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы