Тимур Мұратов: «Менсіз де шешіледі» деп сайлауға салғырттық таныту – жауапсыздық

16 Қазан 2022, 16:37
2993
Бөлісу:
Тимур Мұратов: «Менсіз де шешіледі» деп сайлауға салғырттық таныту – жауапсыздық

Жаңа Қазақстан – жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Әділетті елдің әр тұрғыны әділ, парасатты болуы тиіс. Өйткені болашақ қазірден басталады. Бұл пікірді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жаңа Қазақстан – жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Әділетті елдің әр тұрғыны әділ, парасатты болуы тиіс. Өйткені болашақ қазірден басталады.  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» деген сөзін халық түбегейлі қолдап отыр. Саяси науқан қызу жүріп жатыр. Президент сайлауына 12 шақты кандидат ұсынылды. Бұдан еліміздегі саяси өмірдің жанданып жатқанын байқаймыз. Аумалы-төкпелі болып отырған қазіргі халықаралық жағдайда барша қазақстандықтар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, береке-бірлігі одан әрі нығайып, жұдырықтай жұмылуы қажет. Сайлау кезінде әр адам азаматтық парызын адал атқарып, белсенділік танытады деген ойдамын. Өйткені әрбір дауыс маңызды екенін ұмытпау керек. «Менсіз де шешіледі» деп сайлауға салғырттық таныту – ол жауапсыздық, - деді Тимур Мұратов.

Айтуынша, биыл елімізде жаһандағы мәселелерді талқылайтын ауқымды іс-шаралар өтуде. 

Сындарлы саясаткер, білікті басшы ретінде Президентіміз халықаралық аренада да өзін ерекше танытты деп есептеймін.  Биыл Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы медицина саласын дамытуға айрықша көңіл бөлді. Ол ұлт денсаулығы үшін қолжетімді медицинаны қамтамасыз ету басым бағыт екендігін атап өтті. Артылған міндет пен сенімді жауапты атқарып, денсаулық сақтау саласын жандандыруға бар күшімізді салып жатырмыз. Әрбір тұлға өз саласының кәсіби маманы болуға ұмтылып, өз ісін абыроймен атқарса, еліміз гүлдене бермек. Ал бүкіл елді бастайтын мықты басшыны таңдау – біздің азаматтық борышымыз, - деді маман. 

Өзгелердің жаңалығы