Timeline: ҚХА сессиялары

26 Сәуір 2023, 09:10
1352
Бөлісу:
Timeline: ҚХА сессиялары
Фото: kazpravda.kz

Елімізде этносаралық қатынастарды реттеудің жетекші әлеуметтік-саяси институты - Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА), деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылған болатын. ҚХА-ның негізгі функциялары - мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ету.

Бұл бастама - мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт.

Бүгін назарларыңызға Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері өткізген құрылтайларынан Timeline ұсынып отырмыз.

Презентациядан ассамблея сессияларының қай жылдары және қандай тақырыпта өткенін көруге болады.

 Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы басталады.

Күн тәртібінде «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбы қаралады.

Сессия жұмысына 1000-нен астам адам қатысады. Олардың қатарында Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломаттық корпустың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымының, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Бүгін, яғни 26 сәуірде сессияның бірінші күні сағат 10.00-де Назарбаев Университетінде (Қабанбай батыр даңғылы, 53) өтеді. Секциялық пікірталас алаңдарының жұмысы сессия делегаттарының және сарапшылардың кең ауқымының қатысуымен ұйымдастырылады.

Ал 27 сәуірде сессияның екінші күні сағат 11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында (Тәуелсіздік даңғылы, 57) өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сессияның пленарлық отырысы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы