Тіл ортақ болмай, қоғам топтаспайды – Асылы Осман

11 Қаңтар 2021, 09:13
2276
Бөлісу:
Тіл ортақ болмай, қоғам топтаспайды – Асылы Осман
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр. Сессия барысында ҚХА мүшелері дауыс беріп жатыр.

ҚХА мүшесі Асылы Осман да таңдау жасады.

Биыл ерекше жыл- Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл. Тәу етіп жүрген Тәуелсіздікті көрген біз бақытты ұрпақпыз. Мемлекеттің тілі  ұлтаралық тіл болуы керек. Мен осыны армандаймын. Елімізде болып жатқан науқан осы жылы басталып отыр. Мен де таңдау жасап, дауыс бердім,-деді ол. 

Асылы Осман атап өткендей, тіл ортақ болмай,қоғам топтаспайды.

Сондықтан мемлекеттік тілді дұрыс меңгеріп, жан-дүниесін ұғып, болмысына бойлап, әдет-ғұрпы мен салтын сыйласа деймін. Осы дәрежеге жеткеніміз қазақтың арқасында. Елімізде бейбітшілік болсын,-деді Асылы Осман. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 үміткер бар. ҚХА құрамында 504 мүше бар. 

Атап өтсек,  Сауытбек  Әбдірахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов,Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.



Өзгелердің жаңалығы