Қазақстанның соңғы жаңалықтары

TikTok-та құмар ойындарын ұйымдастырғандар 10,5 млн теңге пайда тапқан

12 Маусым 2025, 13:02
616
Бөлісу:
 Қаржылық мониторинг агенттігі
VIDEO
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды

Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады, - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды, - деп хабарлады ҚМА.

Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.

Бұл – интернет кеңістігінде белсенді жастардың құмар ойындарына тартылу қаупін арттырып, зиянды әдеттерге, тәуелділікке және қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін қауіпті әлеуметтік үрдіс.

Өзгелердің жаңалығы