Thailand Open турнирі: Серік Теміржанов қарсыласын 4 рет нокдаунға түсірді

7 Сәуір 2022, 07:23
1507
Бөлісу:
Thailand Open турнирі: Серік Теміржанов қарсыласын 4 рет нокдаунға түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 57 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Thailand Open турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлады qazsporttv.kz.

Серік Теміржанов  2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері сингапурлық Мохамед Ханурдин Бин Хамидпен жұдырықтасып, қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді – 5:0 (30-24, 30-25, 30-25, 30-26, 30-24).

Осылайша Теміржанов жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті. Ол кемі қола жүлдеге ілгіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы