Терроризмді насихаттаған қарағандылық ұсталды

4 Қаңтар 2024, 14:09
410
Бөлісу:
Терроризмді насихаттаған қарағандылық ұсталды
Фото: ҰҚК

3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деп күдіктеліп отыр.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекс 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы