Терроризмді насихаттаған 17 жастағы атыраулық ұсталды

16 Ақпан 2024, 12:06
450
Бөлісу:
Терроризмді насихаттаған 17 жастағы атыраулық ұсталды
Фото: ҰҚК

15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кететіні, 2023 жылы көрсетілген азамат ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды.

Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы