Терроризмді қаржыландыру қоғам мен мемлекет үшін үлкен қауіп туғызады – Әшімбаев

4 Қараша 2021, 11:23
2021
Бөлісу:
Терроризмді қаржыландыру қоғам мен мемлекет үшін үлкен қауіп туғызады – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды тиімділігін арттыру маңызды. Бұл туралы Сенаттың отырысында спикер Мәулен Әшімбаев айтты.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру қоғам мен мемлекет үшін үлкен қауіп туғызатыны анық. Сол себепті осы қылмыстарға қарсы іс-қимылдарды тиімділігін арттыру және осы саладағы сын-қатерлердің алдын алу аса маңызды, - деді Мәулен Әшімбаев.

Ол бүгін қабылданған қылмыстық кірістерді азайтуды және ұлттық қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруды көздейтінін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев заңды әзірлеуге бастамашы болған әріптестеріне алғысын айтты.

Бұған дейін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданғанын хабарлаған болатынбыз



Өзгелердің жаңалығы