Терроризм идеяларын насихаттаған азамат ұсталды

31 Қазан 2023, 15:27
546
Бөлісу:
Терроризм идеяларын насихаттаған азамат ұсталды
Фото: ҰҚК

31 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен әрекеттесе Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол терроризм идеяларын насихаттады деп күдіктеліп отыр. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы